Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданының тұрғындары бір мезгілде жарқыраған үш Күнді тамашалады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай атмосфералық құбылыс барынша сирек болып табылады. Оның туындауы үшін бірден бірнеше жағдайдың орын алуы қажет. Ауа райы ашық, ал Күн сәулесі көкжиектен сәл ғана жоғары көтеріліп тұруы тиіс.
Бірнеше Күннің иллюзиясы 5-10 шақырым биіктіктегі ұсақ біркелкі бұлттарда мұз кристалдарымен көрініс табады. Әдетте бұл кристалдар Күннің айналасында алуан түсті галоларды қалыптастырады, алайда айрықша орналасқан кезде бірнеше Күннің иллюзиясын құруға қабілетті.
Әдетте мұндай құбылыстардың пайда болуы көптеген түрлі ырымдарды туындатады. Мысалы, кейбіреулер бірнеше Күннің пайда болуы -ауа райының суытуының белгісі дейді. Енді біреулер Күн мен галоның пайда болуын түрлі жаман ырымдарға жориды.