09:24, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақмола облысының Калачи ауылында аудандық мәслихат депутаты қалғып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Калачи ауылында аудандық мәслихат депутаты мен тағы екі адам қалғып кетті.
Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА-нің өңірдегі тілшісіне аудан әкімдігінің қызметкерлері мәлім етті.
Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, қаңтардың 15-і күні Калачи ауылында аудандық мәслихат депутаты Қайрат Әлібеков, жеке кәсіпкер және күзетші "ұйқы ауруына" шалдыққан. Қазіргі кезде науқастар жергілікті селолық амбулаторияда ем қабылдап жатыр.
Еске сала кетсек, осыған дейін Красногорск селолық округінің әкімі Әсел Сәдуақасова да ұйықтап қалып, аудандық аурухана керуетінде оянған болатын.