Ақмола облысының қаржы полициясы алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырғандарды анықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қаржы полициясы «Казгеодезия» - «Солтүстікгеодезия» РМКК филиалынан қаражаттың жымқырғанын анықтады. Бұл туралы облыстық ЭҚСЖКД баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы полициясы «Казгеодезия» - «Солтүстікгеодезия» РМКК филиалының директоры Е.Шохыжанова мен оның сыбайласы Е. Адаеваның үстінен жалған құжат жасап, бюджет қаржысын жымқырғаны үшін бірқатар қылмыстық іс қозғады.

Аталған тұлғалар 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың наурызына дейін РМКК- дан геодезист ретінде жұмысқа орналасқан Адаеваның есепшотына айлық және іссапар ақысы ретінде ақша аудару арқылы аталған кәсіпорыннан 1 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған деген күдікке алынды.

Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар