Ақмола облысының қаржы полициясы бірқатар қылмыстық іске қатысты тергеуді аяқтады

«Ағымдағы жылғы 29 шілдеде Аршалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (алаяқтық) бойынша Е.Р. Кержикеев кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, аталған департамент жеке кәсіпкер А.Д. Құрсаубаевқа қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Ол 2011 жылғы қыркүйек айында алдау және көрінеу жалған мәліметтер енгізілген атқарылған жұмыстардың актісіне қол қою жолымен Жақсы ауылындағы жаяу жол мен жиектерін орнату жұмыстарын өткізуге бөлінген 3 783 352 теңге сомасында бюджет қаражаттарын қасақана ұрлаған.
Ағымдағы жылғы 1 қазанда Жақсы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (алаяқтық) және 325-бабының 1-бөлігі бойынша (жалған құжаттарды дайындау немесе өткізу) А.Д. Құрсаубаев кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қоса 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.