Ақмола облысының кәсіпкері ауылдың дамуына 180 млн. теңгеден астам қаржы бөлген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Есіл ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі С. Кулагинге «Заречное» ЖШС үлгісінде мемлекет пен бизнестің сәтті ынтымақтастығы таныстырылды, деп жазады өңірлік әкімдіктің ресми сайты.
None
None

Шаруашылық шошқа өсіруімен айналысады. Қазіргі таңда мал басы 4500 дейін жетеді. Сонымен қатар, 2000 ірі қара мал басына арналған бордақылау алаңы, мал сою цехы мен астық қоймасы бар.

Заречное ауылында шаруашылықтың өз қаржысы есебінен балабақша салынды. Фирма қызмет көрсету шығындарының бір бөлігін өз мойнына алды. Мәдениет үйі жөнделді, шаштараз және наубайхана жұмыс істейді. Жас мамандарды қолдау мақсатында 2012 жылы мұғалімдерге арналған 4 пәтерлі үй салынды.

Сонымен қатар, мұнда стадион жұмыс істейді. Стадионды жөндеуге шаруашылық 70 млн. теңгеден астам ақша жұмсады.

Ауылдың жағдайы қаланікіндей деуге болады, үйлерге су тартылған, ал жолдың жиектеріне төсемтас төселген.

«Заречный» ЖШС соңғы 3 жылдың ішінде әлеуметтік салаға 180 млн. теңгеден астам қаржы бөлді. 364 жұмыс орыны ашылды, орташа жалақы 64 000 теңгені құрайды.

Облыс әкімі С. Кулагин осы ауылда биыл жөндеу жасалған жергілікті мектепте болды. Мүғалімдермен және оқушылармен кездесті. Облыс басшысы мектепке «Газель» көлігінің кілтін және музыкалық орталық сыйлады.

Соңғы жаңалықтар