Ақмола облысының Қоянды кентінде уылдырық пен балық өндіретін ферма салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысы, Целиноград ауданының Қоянды кентінде 5 тонна бекіре уылдырығы және 250 тонна тауарлы балық өндіретін ферма салынады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, министрлік балық саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

«2030 жылға дейін Ақмола облысы бойынша балық өсіру көлемін 10 мың тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ 9,3 млрд. теңге жеке инвестициялар тарту жоспарланып отыр. Өткен жылы өңірде 148 тонна балық өсірілді. Жоспар 100% орындалды. Биыл 952 тонна өсіру жоспарланған. Инвестициялық балық өсіру жобалары бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Целиноград ауданының Қоянды кентінде 5 тонна бекіре уылдырығы және 250 тонна тауарлы балық көлемін өндіретін балық фермасын салу жобасы іске асырылуда. Инвестициялар 4,3 млрд. теңгені құрайды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар