09:04, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Ақмола облысының Мичурино ауылында болған өрт ер адам мен әйелдің өмірін қиып кетті
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - 10 қазан күні сағат 07:50-де Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Мичурино ауылында тұрғын үйде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Өрт сағат 08:43-те ауыздықталып, 10:10-да толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 96 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 56 жастағы ер адамның және егде жастағы әйелдің мүрделері анықталды.