Ақмола облысының тұрғыны 700 мың теңгені алаяқтарға ұстата салған

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Полицейлердің дерегі бойынша  наурыздың 14-күні Есіл қаласында тұратын 93 жастағы әжейдің 700 000 теңгесін беймәлім екі әйел алаяқтық жолмен үптеп кеткен.

«Тергеу амалдары барысында анықталғандай, әлеуметтік қызметші ретінде қарияның үйіне барған екі келіншек ескі үлгідегі ақшаны жаңасына ауыстыру қажет деп сендірген.

Қазіргі кезде осыған байланысты ҚР ҚК 190 бабының 2  бөлімі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сонымен қатар, күдіктілерді анықтап, ұстау бойынша кешенді түрде жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар