Ақмола облысының тұрғыны «ЖҚЖК-2020» мембағдарламасының көмегімен мал шаруашылығын дамытуда

Жасы 53 -ке келген Ақанай Шәріфтің мамандығы мал дәрігері. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы Моңғолиядан атамекенге оралған оған да бастапқыда қиын болады. Алайда, «Еңбек еткен емеді» қағидасын берік ұстанған ол «үкімет бізді асырайды» деп қол қусырып отырмай үй ауласында бау-бақша өсіріп, бірді екі етіп қолда бар мал басын көбейтуге тырысады. Кейін көздеген мақсатына жетуге тырысқан ол 2011 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытына қатысады. Осы бағдарлама аясында Астана қаласында «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясында кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін білім алады. Оған қоса, 3 000 теңге мөлшерінде жолақы, жатақханада тұру мен мемлекеттік есебіне тамақтану сияқты мемлекеттік қолдауға ие болады.
Нəтижесінде аталған бағдарламаның көмегімен мал шаруашылығын дамыту үшін 960 мың теңге көлемінде несие алып, оған 5 ірі қара сатып алады. Кезінде кеңшарда малшы болып істеген оған мал шаруашылығының қыр-сырын жақсы таныс. Сондықтан, бүгіндері оның қорасындағы мал басы көбейіп, шаруашылығы кеңейіп келеді.