09:59, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Ақмола облысының тұрғынынан 1 келіден астам есірткі тəркіленді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғынынан 1 келіден астам есірткі тəркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 28 тамызда Астрахан аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Новочеркаск кентінің 1970 жылғы тұрғынынан есірткі тəркіленді.
Күдіктінің гаражынан 1 келіден астам кептірілген марихуана табылды.
Полицейлер анықтағандай күдікті бұрын сотты болған жəне нашақор ретінде есепте тұрған.
«Күдікті есірткіні жеке өзі қолдану үшін өсіргенін айтып ақталуда. Үйін тінту барысында ауладан өсірілген қарасора табылды», деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.