Ақмола облысының үш ауданында Ұлттық халық санағы аяқталды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бұланды, Сандықтау және Есіл аудандарында Ұлттық халық санағы аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мемлекеттік маңызды іс -шара он аймақта 91-98 пайыз, ал алты ауданда 81-88 пайыз деңгейінде жүзеге асырылды. Жалпы облыс бойынша алдын ала есепке алынған 728 мың 729 тұрғынның 662 мың 693-і, яғни 91 пайызы санақшылар сауалдарына жауап беріп отыр. Соған сәйкес өңірде уақытша тұрып жатқан 2 мың 867 адам есепке алынса, олардың 865-і Көкшетау қаласында, 497-і Щучье ауданында, 307-і Зерендіде, 231-і Атбасарда. Ал Ақкөл, Астрахан аудандарында тиісінше 112 және 117 адам қоныстанған. Өңірде санақшылар сауалдарына жауап бергендердің 344 мың 141-і әйелдер, сондай-ақ 303 мың 141-і қандастарымыз болып отыр. Жергілікті ұлт өкілдері ең аз қоныстанған өңірлер қатарындағы Егіндікөл ауданында 2 мың 657 адам, Сандықтауда - 4 мың 288 адам, Жарқайыңда - 5 мың 846 адам, қалғандарында он мың мен 65 мың аралығында қандастарымыз қоныстанған. Санақшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, телефон және көлік мәселелері дер мерзімінде шешімін тапқандықтан бұл тұрғыда еш бөгесін болған жоқ. Тек Ерейментау ауданы мен Көкшетау қаласында 4 санақшыны бос жүрген иттердің қабуы фактісі тіркелді.
Соңғы жаңалықтар