Ақмола облысының жалпы өнім деңгейі 662 миллиард теңгелік көрсеткіштен асып түседі деп болжануда - С. Дьяченко

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ақмола облысының жалпы өнім деңгейі 255 есе өсіп, 586 миллиард теңгені құрады.
None
None

2011 жылдың соңына дейін 662 миллиард теңгелік көрсеткіштен асып түседі деп болжануда.

Бұл туралы бүгін Астанада Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Облыс басшысының айтуынша, Ақмола таза аграрлы өңірден аграрлы-индустриялық аймаққа айналып келеді.

«Соңғы екі жылда елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы сомасы 92 млрд. теңге болатын 33 нысанды пайдалануға бердік. Соның арқасында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болды. Жалпы биыл өңірде 9 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылды», - деді С. Дьяченко.

Соңғы жаңалықтар