Ақмола облысының жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы әкімінің өкімімен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Шолпан Рахматуллина тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Шолпан Салыққызы Рахматуллина 1971 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданы Невское ауылында дүниеге келген. Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Әлеуметтік қорғау жүйесінде 30 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Еңбек жолын 1989 жылы Омбы қаласының Октябрь аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің маманы болып бастаған.

Әр жылдары Щучье қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы, Целиноград ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде, Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарының лауазымын атқарды.


Соңғы жаңалықтар