Теміржол бойында тасқынға қарсы шаралар қарқынды жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақмола магистральдық желісі бөлімшесінде көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың және теміржол инфрақұрылымының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.

Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Фото: Kөлік министрлігі

Тексеру барысында Астана – Жалтыр – Атбасар учаскесі зерттелді. Су өткізгіш құбырларды және тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін төрт ірі көпірді тазарту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Фото: Kөлік министрлігі

Бұл учаскеде су тасқыны қаупі бар 10 учаске зерттелді және олар еріген судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Жалпы, жол бөлімшесі бойынша су тасқынына қарсы 4 пойыз құрылды. Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін қажетті инертті және құрылыс материалдары, оның ішінде 150 текше метр бутты тастар, 700 темірбетон шпалдар, бір металл құрылғы және 4 инвентарлық рельс пакеттері дайындалды. Астана – Атбасар – Есіл учаскесіндегі көпірлер мен жасанды құрылыстарды тазарту жұмыстары 90%-ға орындалды. Қардан тазарту бойынша қалған жұмыстар жоспарлы түрде жалғасып жатыр.

Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Фото: Көлік министрлігі
Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Фото: Kөлік министрлігі

Қосымша 6 су оймасына тексеру жүргізілді, сәуір айының бірінші онкүндігіне Жабай өзенінде бұрғылау-жару жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, Колутон өзенін тереңдету және Колутон ауылының айналасында қорғаныс бөгетін салу жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Фото: Kөлік министрлігі

Айта кетелік қай өңірлерде су тасқыны қаупі жоғары екенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар