Ақмола және Қарағанды облыстарында бомба туралы анонимді хабарлардан кейін жүздеген адам жедел көшірілді

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Өткен жұма күні Ақмола облысындағы Степногор қаласында және Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында бомба туралы анонимді хабарлардан кейін жүздеген адам жедел көшірілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгісіз біреу Ішкі істер департаментінің пультіне қоңырау шалып, Степногордегі №2 орта мектептің ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығын хабарлағаннан кейін мектеп ғимаратынан 332 адам көшірілді. Сол күні Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының спорттық-сауықтыру кешенінен 52 адам жедел көшірілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында Степногордегі мектептен де, Сәтбаевтағы спорт кешенінен де ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Соңғы жаңалықтар