Ақмолада 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID жұқтыру өскен

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Алайда, 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 жағдайларының өсуі байқалады. Бұл туралы журналистермен өткен брифингіде Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, қазан айында 13 бала ауырып қалды, бұл науқастардың жалпы санының 12,7 пайызын құрады, қарашада-12 бала (12,4 пайыз), желтоқсанда 9 бала, барлық жағдайлардың үлес салмағы 29 пайыз болды. Желтоқсан айында COVID-19-дың 38 жағдайы тіркелді, соңғы аптада 4 жағдайдың өсуі байқалды, оның 95 пайызы симптоматикалық, 5 пайызы асимптоматикалық.

Осы ретте, науқастардың ең көп пайызы қажетті иммунитеті жоқ адамдарда - 76,9 пайыз (197 адам), оның ішінде вакцинацияланбағандарда - 48,4 пайыз (124 адам), уақтылы ревакцинация алмағандарда - 8,5 пайыз (73 адам) болды. Қазан айында ауырғандардың 119-ы, оның 57-сі (47,8 пайыз) вакцинацияланбаған, 34-і (54,8 пайыз) уақтылы ревакцинация алмаған, 91-і (76,4 пайыз) иммунитеті жеткіліксіз. Қараша айында ауырғандардың 99-ы, олардың 46-сы (46,4 пайыз) вакцинацияланбаған, 29-ы (54,7 пайыз) уақтылы ревакцинация алмаған, 75-і (75,7 пайыз) иммунитеті жеткіліксіз. Желтоқсан айында ауырғандардың 38-і, оның 21-і (55,2 пайыз) вакцинацияланбаған, 10-ы (58,8 пайыз) уақтылы ревакцинация алмаған, 31-і (81,5 пайыз) иммунитеті жеткіліксіз.

«Бүгінгі таңда облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу үшін 63 төсек-орын жайғастырылды, 7 желтоқсандағы жағдай бойынша оның 3 пайызына науқастар орналыстырылды. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы-3 адам, оның ішінде біреуі бала, біреуі жүкті әйел», - деді өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Айта кетсек, Ақмола облысында екі медициналық нысан пайдалануға берілді.


Соңғы жаңалықтар