Ақмолада 31 шетелдік мінген автобус бұзылып, жолаушылар қар құрсауында қалды

жолда қалды
Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін түнде Астана-Петропавл тасжолында бұзылған автобустан 31 шетелдік эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform.

Оның бәрі — Тәжікстан азаматтары, ішінде екі бала бар.  

Эвакуацияланған адамдар Көкшетау қаласындағы жылу пунктіне жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 9 желтоқсанда құтқарушылар 28 шетелдікті эвакуациялаған еді. 

Ақмола облысының төтенше жағдайлар қызметі оқыс жағдайға тап болсаңыз, дереу 112-ге хабарлау керектігін еске салады.  

Соңғы жаңалықтар
telegram