Ақмолада 900-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда болу тәртібін бұзған 200-ден астам шетелдік ел аумағынан шығырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ақмолада 900-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алды

Ведомствоның дерегі бойынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша, көші-қон саласы бойынша барлығы 450 000 қызмет көрсетілген. Оның ішінде еңбек мигранттарына 16 000 астам рұқсат берілді жəне ұзартылды. Ақмола облысы бойынша 900-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алған.

Сонымен қатар, жыл ішінде Қазақстанда болу тәртібін, яғни әкімшілік жəне азаматтық-процессуалдық кодексті бұзған 200-ден астам шетелдік ел аумағынан шығырылған. 3 мыңнан астам ақмолалық республикадан тыс жерлерде тұрақты тұру үшін шығу рұқсаты берілген.

«Халыққа көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру бойынша жұмыс жасау қажет. Əсіресе, алдыңғы қатарлы шетелдік жəне отандық тəжірибені енгізу, бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру арқылы жұмыс үлгісі мен əдісін жетілдіру жоспарда бар»-, деп атап өтті миграциялық қызметтен.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетау қаласында көші-қон қызметін көрсететін орталық ашылды. Ақмола облысы бойынша көші-қон қызметімен жыл бойы мемлекеттік қызметтің 17-і түрі көрсетіледі.