Ақмолада дүкеннен 2,3 миллион теңгенің затын ұрлағандар ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дүкеннен 2,3 миллион теңгенің автокөлік қосалқы бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда,  ұрлық 2017 жылғы 15 қыркүйекте Есіл ауданында болған. Күдіктілер жергілікті дүкеннің бірінің аумағынан 2,3 миллион теңгенің автокөлік қосалқы бөлшектерін ұрлап әкеткен. Алайда, сол кезде полицейлерге қылмысты ізін суытпай ашу мүмкіндігі болмады.  Араға бірнеше ай салып, кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында жастары 27 жастағы жергілікті екі тұрғын қолға түсті.

«Қазіргі кезде, күдіктілер қылмысын мойындады, олардың үстінен ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар