Ақмолада Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күніне орайластырылған акция өтті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының тәртіп сақшылары мен қоғам өкілдері адам саудасына қарсы акция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күніне орайластырылған акция шеңберінде полиция қызметкерлерінен бөлек, «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқытық қолдау орталығының психологтары мен заңгерлерінен құралған арнайы мобильдік топ Көкшетау қаласындағы сауда-ойын-сауық кешенінде келушілермен кездесті.
Сауда үйінен келушілерге адам саудасының қауіпі туралы ақпарат жазылған жадынама таратылды, сондай-ақ, адам саудасына қатысты оқиға туралы хабарлау немесе көмек алу үшін «қауырт желі» телефонының нөмірі берілді.
«Біз қала тұрғындарының назарын адам саудасы мәселесіне аударуға тырыстық. Тұрғындарды осындай жағдайға тап болған адамдарға көмектесу қажеттігін, әсіресе, не істеу, кімге хабарласу керектігін түсіндірдік», - деп атап өтті полиция майоры Өмірсерік Бейсенов.
Шара айтылғандай, ювенальды полиция бөлімшесінің қызметкерлері білім беру және «Шанс» орталығының мамандарымен өмірде қиындыққа тап толған жасөспірімдерге уақтылы әлеуметтік көмек көрсетуде.
«Мамыр айында «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы кезінде өңірде адам саудалау оқиғасы анықталды. Анықталғандай, Көкшетау қаласының тұрғыны, келіншек өзінің танысын жұмыс күші ретінде 10 мың теңгеге «сатып» жіберген. Полиция қызметкерлерінің ширақ қимылының арқасында қылмыстық іс ашылып, «сатушы» мен «сатып алушы» жауапкершілікке тартылды», деп толықтырды ведомстводан.
Тәртіп сақшылары, тұрғындарға адам саудасына қатысты оқиға туралы естісе немесе куәсі болса, бірден полицияға хабарласуына болатынын еске салады.