Ақмолада полицияның азаматтарды қабылдау кеңсесі жұмыс істей бастады

Ведомствоның дерегі бойынша ҚР ІІМ 2017 жылдың қазан айыннан бастап, Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасы шеңберінде ішкі істер органдарын жетілдіру мақсатында «Жобалық кеңсені» іске қосты. ҚР ІІМ құрылымдық бөлімшесі ретінде Ақмола облыстық ІІД аталған жобаны енгізу бойынша жұмыстарды бастады.Соның бірі, Ақмола облыстық ІІД-нің барлық аумақтық бөлімшелерінде 11 қыркүйектен бастап полицияның «Азаматтарды қабылдау» фронт-кеңсесі жұмыс істей бастады.«Өткен жылы ІІМ министрінің тапсырмасы бойынша және Ақмола облысы әкімінің қолдауымен бақылау-өткізу бекеттерінің қазіргі заманға сай ғимараты құрылған болатын. Онда келушілерді тексеріп, өткізіп қана қоймай, азаматтардың арыз-шағымдары қаралып, консультативті көмек беретін арнайы бөлме бар. Алайда, фронт-кеңсе форматындағы жаңалық ақмолалықтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттырады», дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.Қазіргі кезде, фронт-кеңсесі ІІД-нің барлық әкімшілік ғимараттары мен аумақтық бөлімшелерінің кіре берісінде орналасқан. Онда тұрғындарға білікті мамандар кеңес береді. «Фронт-кеңсе жұмысын бастаған бірінші күні облыс бойынша 96 тұрғын полициядан кеңес алды. Оның 15-і Көкшетау қаласына тиесілі», - деп толықтырды ведомстводан.Оған қоса, республикада бірінші болып, Ақмола облысында полиция қызметкерлері жұмыс уақытын тиімді пайдалану арқылы өздерінің функционалдық міндеттерін дұрыс атқаруын талап ететін «Тиімді полиция: жұмыс уақытының рационалды регламенті» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.