Ақмолада үй-күйсіз жүрген 400-ден астам адам бейімдеу орталығына жеткізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері үй-күйсіз жүрген 400-ден астам адам әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның мәліметі бойынша, қатты аязға байланысты Ақмола облысының полицейлері үй-күйсіз жүрген адамдарды анықтауға кіріскен.

Мәселен, Көкшетау қалалық Полиция басқармасының қабылдау-бөлу қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша құдық, жылу құбырының бойы және қараусыз қалған ғимараттарды аралауда. Бүгінгі күні сот шешімімен 40 адам қабылдау-бөлу мекемесіне жайғастырылып отыр. Ал жыл басынан бері аталмыш мекемеге 140 адам жеткізілген. Полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың аты-жөні мен қылмыстарға қатысы бар-жоғын да анықтауда.

Сонымен қатар, Көкшетауда үйсіз жүрген адамдардың түнейтін бөлімше де жұмыс істейді. Жергілікті әлеуметтік бейімдеу орталығы аязда тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың паналайтын жалғыз орны. Мұнда ыстық тамақ, жатын орын ұсынылады. Бірақ, соған қарамастан кейбір адамдар аязды күндері де қашып, еркін жүргенді қалайды.

Жыл басынан бері полицейлер мен әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері бірлесіп «Әлеуметтік патруль» мобилдік қызметін қолға алды. Осының нәтижесінде 406 адам әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілген.

Айта кету керек, Көкшетау қаласында қаңғыбастар саны жылдан жылға азайып келеді. Өткен жылы, 173 қаңғыбас қабылдау-бөлу мекемесіне жеткізілсе, биылғы жылы 30 адамға кеміп отыр.

«...Аязды күндері полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды іздестіру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бұл адамдардың арасында із-түзсіз жоғалғандар, қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады. Кейін құжаты жоқтар қабылдау-бөлу мекемесіне, ал құжаты барлар Көкшетау қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығына жіберіледі», - дейді Көкшетау қаласы жергілікті полиция қызметінің қабылдау-бөлу мекемесі бастығының орынбасары Сұңғат Тлеукин.

null

Соңғы жаңалықтар