Ақмолалық боксшы қыз Дина Жоламанға жергілікті кәсіпкер жеңіл автокөлік тарту етті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астанада өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген ақмолалық боксшы қыз Дина Жоламанға жергілікті кәсіпкер тoйота жеңіл автокөлігін тарту етті.
None
None

Еске сала кетсек, ақмолалық қыздар Дина Жоламан мен Зарина Цолоева мамыр айының соңында Астана қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, бірі әлем чемпионы атанса, екіншісі бесінші орыннан көрінді. Байрақты бәсекеде намысты қолдан бермей, ел мерейін асқақтатқан боксшыларды жерлестері мен жанкүйерлері аса бір қуанышпен қарсы алған болатын.

Енді міне, спортшылардың туған жерінде облыстық спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина, «ASTANA ARLANS» кәсіби бокс клубының жаттықтырушысы Андрей Спиридонов, бокстан әлем кубогының иегері Руслан Мусинов, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының бас бапкері, әйгілі боксшы Мереке Жүсіпов сияқты спорт саңлақтарының қатысуымен жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.

Аудандық әкімдік атынан Дина Жоламанға 700 мың теңге, Зарина Цолоеваға 200 мың теңге және Александр Высоцкийге 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Сондай-ақ, Дина мен Александр Высоцкийдің омырауларына «Жақсы ауданының құрметті азаматы» төсбелгісі тағылды.

Оған қоса, Зарина халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Дина Жоламан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ал, Т.Уәлиев атындағы спорт мектебінің жаттықтырушылары Александр Высоцкий мен Бахтияр Тұрғынбаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды.

Сонымен қатар, «Құрметті спорт қайраткері» атанған демеуші, «Агрофирма ТNK» ЖШС-інің бас директоры Батырбек Уәлиев Дина Жоламанға Toйота жеңіл автокөлігінің кілтін табыс етті.

null  

Соңғы жаңалықтар