Ақмолалық оқушылар халықаралық «Жас ғалым» байқауында жүлделі болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық оқушылар халықаралық «Жас ғалым» байқауында жүлделі болды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кореяның Дэджон қаласында өткен 1-ші халықаралық «Жас ғалым» байқауына қазақстандықтар сапында қатысқан ақмолалық оқушылардың асығы алшысынан түсті.

Атап айтсақ, байқауға елімізден 208 оқушы барған болса, оның бесеуі - ақмолалықтар. Байқаудың мақсаты ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген оқушыларды интеллектуалдық және жеке тұлға ретінде дамыту болып табылады. Халықаралық байқау қатысушылары алдында танымал академиктер, LG Electronics компаниясының президенті сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.

Бас жүлдесі үшін тартыс Қазақстан мен Кореяның 10-11 сынып оқушылары арасында өткен. Байқау қорытындысына сай ақмолалықтар жүлделі екі орынды, яғни, күміс және қола медальға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар