00:29, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Ақмолалық палуан Ерхан Ғаббасов ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуан Ерхан Ғаббасов жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында күміс олжалады.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы "Ақмола Медиа Орталығынан" хабарлады.
Ерейментаулық палуан Ақтөбе қаласында КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жақыттың 70 жылдығына арналған 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресі бойынша өткен ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Еске сала кетсек, 14 жасар Ерхан 38 келі салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шықты. Финалдық белдесуде ғана қарсыласына есе жіберіп алған ол күміс жүлдегер атанды. Ерхан қазақ күресімен қатар, дзюдомен де айналасуда. Қазіргі кезде жас палуан ағымдағы жылдың маусым айында осы спорт түрі бойынша Степногор қаласында өтетін ел чемпионатына дайындығын пысықтауда.