Ақмолалық жас зілтеміршілер ел чемпионатында 8 алтын медальға қол жеткізді

Облыстық спорт басқармасының мәліметі бойынша, Шымкент қаласында өткен жарысқа жас ақмолалық зілтеміршілер де қатысты. Олар түрлі деңгейдегі барлығы 15 медаль жинап шеберліктерінің жоғары екенін көрсетті.
«17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен сайыста ақмолалықтар 4 алтын, 1күміс және 1 қола медалға қол жеткізді.
Оның ішінде 48 келі салмақта Диана Серебрякова, 63 келі салмақта Карина Құзғынбаева, 65 келі салмақта Юлия Жуковская және 94 келі салмаққа дейінгілер арасында Александр Мельников жарыс жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, 53 келіде сынға түскен Анастасия Васильева күміс және 56 келіде Дамир Кененбаев қола медальды місе тұтты.
Оған қоса, 20 жасқа дейінгілер арасында да ақмолалықтардың тегеуріні мықты болды. Мұнда олар 4 алтын 2 күміс 3 қол медаль иегері атанды.
Осылайша, жарыс қорытындысына сай 8 алтын, 3 күміс және 4 қола медальды қанжығасына байлаған ақмолалықтар командалық есепте де ең жоғары нәтиже көрсетті», деп көрсетілген хабарламада.