17:00, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Ақмолалық жасөспірім баскетболшы қыздар ел чемпионы атанды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық жасөспірім баскетболшы қыздар Қазақстан чемпионатында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, ел чемпионы атанды.

Қостанай облысында 2004-2005 жылы туған қыздар арасында Қазақстан чепионаты өтті. Жарыстың алғашқы күні ақмолалық қыздар қарағандылықтарды 44:15 есебімен ойсырата жеңді.
Кейін жергілікті ақмолалық қыздар Лисаковск қаласының командасын 47:9, Қостанай облысының командасын 43:13 және Оңтүстік Қазақстан облысының командасын 39:6 есебімен тізе бүктірді.
Ал, жарыстың алтыншы күні қарағандылықтарды 48:8 есебімен «талқандады». Ақтық кездесуде Виктория Волкова мен Самат Қарабаев жаттықтыратын жерлестеріміз алаң иелері Қостанай облысының командасын 13:44 есеп айырмашылығымен тізе бүктіріп, ел чемпионы атанды.
Баскетбошылардың арасында Илона Пасевич және Кәмила Аманжолова үздік ойыншы атанды.