Әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат депутаты Марат Қожаев әкімшілік рақымшылыққа кімдердің ілігуі мүмкін екенін айтты.

құжат
فوتو: ۆيكتور فەديۋنين/kazinform

- Әкімшілік рақымшылық алғаш рет өткелі отыр. Елімізде әкімшілік әділетке қатысатын 70 субъект бар. Менің білуімше, қазір барлық тараптан ұсыныстар жинақталып жатыр. Талқылаулар барысында рақымшылыққа ең алдымен халықтың әлеуеттік осал тобы ілігуі керек деген ұсыныстарды естіп жатырмын. Егер бар болса олар еңбек, соғыс ардагерлері, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы отбасылар және басқалары, - деді сенатор Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Сондай-ақ ол айыппұлдарды есептен шығарғаннан кейін бюджеттің қанша қаражаттан қағылу мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді.

- Ондай қауіп бар. Бірақ, айыппұл белгілеу – бұл ең алдымен бюджетті толықтыру емес, құқық бұзушылықтың алдын алу жолы, - деді Марат Қожаев.

Бұған дейін Премьер-министр рақымшылық жасау тетіктері бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырған еді.

— Кеше Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқық бұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы бастама көтерді. Әкімшілік істер бойынша рақымшылық туралы бастама ел тарихында алғаш рет көтеріліп отырғанын атап өтемін. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізсін, — деді Премьер-министр.

 

 

Соңғы жаңалықтар