«Ақниет» қайырымдылық қоры Қызылағаш ауылының тұрғындарына 95 теледидар тарту етті
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сыйлықтарды су тасқынында мүшесі қаза болған отбасылар, көп балалалы аналар және мүмкіндіктері шектеулі жандар алды.
Мамырдың 31-індегі жағдай бойынша, Қызылағаш ауылында 139 үйдің құрылысы аяқталды, тағы 318 үйдің қабырғасы тұрғызылып, олардың 215-інің шатыры жабылды. Мәдениет үйі, әкімдік, орта мектеп, аудандық ішкі істер бөлімінің тірек пункті, балабақшаға берілген бұрынғы мектеп-интернат ғимараттарында жөндеу, сейсмотұрақтылықты нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақсу ауданының су тасқынынан зардап шеккен басқа елді мекендерінде де қалпына келтіру-құрылыс жұмыстары жалғасуда. Маусым айының басында тағы 200 жаңа үй пайдалануға берілмек.