Ақорда жаңалықтары Aitu ұлттық мессенджерінде қолжетімді болады

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы бүгін Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Ақорда жаңалықтары Aitu ұлттық мессенджерінде қолжетімді болады
Фото: Руслан Желдібайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

— Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар, — делінген хабарламада.   

Арнаға сілтеме: @aqorda_official.

Еске салсақ Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласын реттеу тетіктерін жетілдіруді тағы бір маңызды міндет ретінде айқындады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жасанды интеллект мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырады.

Айта кетелік Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Осы стратегия аясында елдің Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайтыны туралы жазған едік

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған бұл шешім шетелдік платформаларды пайдаланған кездегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар