11:49, 07 Тамыз 2015 | GMT +5
Ақордада «Болашақ» стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары мақұлданды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрдар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Соңғы кезде осы бағдарлама бойынша 2016-2020 жылдарға дейінгі ұсыныс дайындалды. Ол ұсыныстар қазір «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен байланыстырылып жатыр. Сондықтан да Премьер-Министрдің қатысуымен Үкіметте де бірнеше рет қаралды. Енді Елбасыға басты ұсыныстарды енгізуіміз керек. Осы орайда бүгін бұл жөнінде тағы бір рет қарастырамыз», - деді Мемлекеттік хатшы. Отырыс барысында комиссия мүшелері «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады. Даму жоспарында көзделген «Болашақ» стипендиясын дамытуға және жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланды. Сонымен қатар жиында кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері, азаматтардың өтініштері қаралды.