Ақордада Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті мәжілісі өтіп жатыр

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті мәжілісі өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз еліміздің 2007-2012 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қабылдаған болатынбыз. Қауіпсіздік Кеңесінің былтырғы жылғы қыркүйектегі отырысында біз стратегияның орындалу барысын тыңдайтын болып келіскенбіз. Бүгінгі жағдайды ескере отырып қажет болса оған тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізетін боламыз», деді отырысты ашқан Н. Назарбаев. Елбасының айтуынша, бүгінгі отырыста экономика, қорғаныс, ішкі және сыртқы саясат салаларындағы стратегияның қалай орындалып жатқаны сараланатын болады. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың баяндамалары тыңдалады.
Соңғы жаңалықтар