09:35, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Ақордада Н. Назарбаев пен И. Каримовтың кездесуі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін Ақордада Қазақстан мен Өзбекстан мемлекет басшыларының кездесуі өтеді.

Кездесулер және келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы өзбекстандық-қазақстандық ынтымақтастықтың ары қарай дамуын талқылап, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.
Осыған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1 545,2 млн долларды құраған.