Ақордада Нобель мұраларының Баку қорымен Қазақстанның өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту перспективалары қаралды

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында Нобель мұраларының Баку қорының басшылары Густав Нобельмен, Филипп Нобельмен және Тугрул Бакировпен кездесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Кездесуде Нобель мұралары Баку қорымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды.

Тараптар Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер барын атап өтіп, оларды жүзеге асыру үдерісіндегі өзара іс-қимылдың жемісті болатынына сенім білдірді.

Нобельдер - швед-орыс отбасынан шыққан өнертапқыштар мен өнеркәсіпшілер, бірқатар сыйлықтардың, атап айтқанда, Нобель сыйлығының негізін қалағандар.

Соңғы жаңалықтар