Ақордада үздік журналистерге ҚР Президентінің сыйлықтары, гранттары және алғыстары тапсырылды

Сонымен ағымдағы жылы ҚР Президентінің сыйлығы «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Қайсар Әлімге, «Шалқар» радиосының бас редакторы Көпен Әмірбекке, «Экспресс К» газеті бас редакторының орынбасары Илья Гукке, «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Атсалим Идиговке, «Нұр Астана» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсірепке берілді.
Ал ҚР Президентінің гранттары «Хабар» телеарнасының ақпараттық талдамалық бағдарламалар дирекциясы ақпараттық бағдарламалар бөлімінің бас редакторы Зейін Әліпбековке, Қазақ радиосының шолушысы Маралтай Ыбыраевқа, «Астана ақшамы» газетінің бөлім меңгерушісі Раушан Мырзахметке, «Дала мен Қала» газетінің бас редакторы Сапарбай Парманқұловқа, Bnews.kz ақпараттық агенттігінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Анжелика Чуднецоваға, Астана телеарнасындағы «Гүлжан Мұқышеваның күнделігі» телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына тапсырылды.
Сондай-ақ, Елбасы алғысын «ҚР Президентінің телерадио кешенінің бас редакторы Әбіл Дүйсенбек, «Жиһан» жаңалықтар агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Доган Йылдыз, «Деловой Казахстан» газетінің тілшісі Ирина Лис, «Алаш айнасы» газетінің шығармашылық ұжымы, «Индустриальная Караганда» газетінің шығармашылық ұжымы иемденді.