Ақпан айында 18 мыңға жуық қазақстандық қан доноры болды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастамашы болған «Донор бол да үміт сыйла» атты ақпан айындағы акция шеңберінде шамамен 18 мың азамат ерікті түрде қан доноры болуға ниет білдірді.

Сотрудники ТРК Президента традиционно стали донорами крови
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

2-27 ақпан аралығында республика бойынша 17 990 адам толық қан тапсырды, 1 704 донор тромбоцит донациясын жүзеге асырды.

Акция нәтижесінде елдегі медициналық ұйымдарға эритроцит құрамы бар компоненттердің 15 901 дозасы, плазманың 11 487 дозасы және тромбоциттердің 4 347 дозасы берілді.

Дайындалған қан компоненттері хирургиялық араласуларды қажет ететін, онкогематологиялық және гематологиялық аурулары бар пациенттерді емдеуге, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге бағытталды.

- Донорлық айын өткізу өтеусіз ерікті донорлық мәдениетін нығайтуға, азаматтардың донацияның әлеуметтік маңызы туралы хабардарлығын арттыруға және елдің медициналық ұйымдарында қан компоненттерінің тұрақты қорын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор атанып, жалпы саны 250 мыңнан астам қан және оның компоненттерін тапсырады. Жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке қан құю жүргізіледі. Көпшілігі үшін бұл сауығудың жалғыз мүмкіндігі, - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, Астанада әскери дәрігерлер қан тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум