Ақпан айындағы инфляция 0,9 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде 2010 жылғы ақпан айындағы инфляция деңгейі 0,9 пйызды құрады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,3 пайызға, азық-түлік емес тауарларға - 0,4 пайызға, ақылы қызмет көрсетулерге - 0,7 пайызға өсті. Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсуі жеміс пен көкөніске 4,4 пайызды, қантқа - 2,5 пайызды, ет және сүт өнімдеріне - 1,6 пайызды, май және мал майына - 1 пайызды, кофе, шай және какаоға - 0,8 пайызды, жұмыртқаға - 0,6 пайызды құрады. Ал бағаның төмендеуі күрішке 1,1 пайыз, ұнға - 0,6 пайыз, нанға - 0,3 пайыз, жарма және макарон өнімдеріне - 0,2 пайыз бойынша тіркелді», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Сонымен бірге, агенттік деректеріне қарағанда, баға фармацевтикалық өнімдерге 1,5 пайыз, жеке гигиена тауарларына - 0,7 пайыз, киім мен аяқ киімге, жуу және тазалау құралдарына - 0,4 пайызға өскен, ал цементке 1,2 пайызға төмендеген.

Бұдан бөлек, көлік қызметі 1 пайыз, мектепке дейінгі білім беру және денсаулық сақтау - 0,7 пайызға, жеке қызмет көрсету - 0,6 пайыз, мәдениет - 0,3 пайызға қымбаттады.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 0,3 пайыз, ыстық суға - 1,1 пайыз , электр энергиясына - 2,3 пайызға өскен, ал кәріз және суық суға 0,2 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар