Ақпанда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады - Статистика

Ведомствоның алға тартқан деректеріне сәйкес, республика экономикасында 2013 жылғы ақпанда (бағалау бойынша) 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда, олардың саны 81,0 мың адамға немесе 1,0 %-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,9 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,8 %) құрады.
2013 жылғы ақпанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 493,2 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі - 5,5 %. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы ақпан айының соңына 55,0 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 %-ын құрады (2012 ж. ақпанда - 0,6%).