Ақпанда «Нұр Отанның» көмегіне 6 мыңнан астам адам жүгінді

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Биыл ақпан айында «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6393 адам келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 412 адамға көп.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов хабарлады.

«Биылғы ақпанда «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6393 адам келді. Партия көмегіне жүгінген адамдардың 19 пайызы ақыл-кеңес сұрап келгендер. 10 пайызы - тұрғын үй-коммуналдық, жұмыспен қамту және баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп беру туралы өтініштер жасаған. Мемлекеттік органдарға қарау үшін 1655 өтініш жіберілді, оларға 746 жауап алынды. Оның ішінде 50 пайыз мәселе оң шешімін тапты, ал қалғандары бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Ж. Жүкенов.

Сондай-ақ, Ж. Жүкенов алдағы уақытта қоғамдық қабылдаудың электрондық нұсқасы іске қосылатынын мәлім етті.

«Қоғамдық қабылдаудың электрондық нұсқасы негізінде азаматтар өзінің тұрғылықты мекенінен шықпай-ақ депутаттың, мемлекеттік орган өкілдерінің қабылдауына жазылып, сол жерде ақыл-кеңес алуға мүмкіндік алады», - деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, бүгіндері 271 қоғамдық қабылдау бөлмесі әр азаматқа өз мәселесін шешуде қол ұшын ұсынып отыр. Партия есігі қолдауға мұқтаж кез келген азамат үшін ашық.

Бүгінгі күндері барлық деңгейдегі әкімдер тек ақпан айында 798 адамды қабылдаған. Қабылдау барысында 681 өтініш қаралып, әрбір үшінші өтініш оң шешімін тапты.

Соңғы жаңалықтар