Ақпанда тұрақтандыру қорларынан көкөністер нарыққа шығарыла бастайды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақпанда тұрақтандыру қорларынан көкөністер нарыққа шығарыла бастайды. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

Көкеніс
Фото:Көкеніс

- Жаңа жылдық мерекелер жақындағанын ескере отырып, мүмкін болатын баға өсімін тежеу үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр. Өңірлерде тұрақты ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Қысқы және маусымаралық кезеңде бағаны одан ары тұрақтандыру үшін ақпан айының басында тұрақтандыру қорларынан көкөністерді шығара бастау жоспарланып отыр. Бұл нарықты қажетті өнім көлемімен қамтамасыз етуге әрі баға ауытқуының алдын алуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, өңірлік комиссиялардың қызметі аясында баға өсіміне талдау жүргізіліп жатыр. Өнімсіз делдалдар анықталып, тауарлық үстеме бағаның асып кету фактілері қаралуда.

- Биыл аталған комиссияның фикалдық бақылау және күштік органдарды тарту арқылы күшейтілді. Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөністермен толықтыру үшін жақын шетелден ерте пісетін көкөністерді жеткізу мақсатында жасыл дәліз ұйымдастырылды. Сауда саласында бизнеспен өзара тығыз байланысты жүзеге асырылып жатыр, - деді Нұрлан Байбазаров.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңгенің әлсіреуінің 3 факторын атады.

 

Соңғы жаңалықтар