Ақпанның 9-ы мен 18-і аралығында «Нұр Отан» фракциясының депутаттары өңірлерде жұмыс істейтін болады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің регламентіне және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының жұмыс жоспарларына сәйкес, ағымдағы жылғы ақпанның 9-ы мен 18-і аралығында фракция депутаттары өңірлерде жұмыс істейтін болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» ХДП ресми өкілі Оксана Петерстің айтуынша, сапар аясында фракция депутаттары жергілікті билік, аймақтық партия өкілдерімен кездесіп, «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының жүзеге асырылу жайын талқыға салады. Сонымен қатар, депутаттар сыбайлас жемқорлыққа карсы аймақтық қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысады, партияның қоғамдық кабылдау бөлімдерінде азаматтармен кездесіп, оқу орындары, денсаулық сақтау мекемелері, өндіріс орындарының ұжымдарымен жүздеседі, аймақтарда жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарының жағдайымен танысады.
Соңғы жаңалықтар