Ақпараттарды жинақтап, сақтау біз үшін жаңа қызмет нарығы болып отыр - «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Алатау ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағында ашылған жаңа деректерді өңдеу орталығына жұмсалған қаржы 2,5 жылда өзін ақтайды. Оны «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев бүгін орталықтың тұсаукесер рәсімінде айтты.
None
None

«Ақпараттарды жинақтап, сақтайтын деректерді өңдеу орталығының еліміздің интернет нарығы мен оның контентін дамытуға ықпалы зор. Қазіргі таңда біз мұндай 16 орталық аштық. Ақпараттық технологиялық парктегі бұл деректерді өңдеу орталығын ашуға 5 миллион долларға жуық қаржы жұмсалды. Қазіргі таңда 2 коммерциялық банкпен келіссөз жүргізіп жатырмыз», - дейді Қ.Есекеев. Онда 20 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы ақпараттардыжинақтап, сақтау Қазақтелеком үшін жаңа қызмет нарығы болып отыр. Қолданыстағы 16 деректерді өңдеу орталығындағы клиенттерін бүгінгі таңда 10 мыңға жуық заңды және жеке тұлғалар құрап отыр. Компанияның бұл нарықтағы үлесі қазір 52 пайызға жуықтап қалды.

Соңғы жаңалықтар