Ақпараттық-насихат топтары қалалар мен ауылдарға аттануға дайын - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыстық 13 ақпараттық-насихаттаушы топ келесі аптада облыстың қалалары мен аудандарына аттанып, халықпен кездесулер өткізеді. Бұл туралы Павлодар облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
None
None

Кездесулердің мақсаты - Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының тарауларын халыққа түсіндіру.

Ақпараттық-насихаттау топтарының құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері кіріп отыр.

63 елді мекенде өтетін кездесулердің барысында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы түсініктер беріледі.

Соңғы жаңалықтар