Ақпараттық-насихат топтарымен болған кездесулерде павлодарлықтар өзекті мәселелерді көтерді

ПАВЛОДАР. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ақпараттық-насихат топтарының кеше павлодарлық еңбек ұжымдарымен кездесулерінде елдегі жағдай мен орын алып жатқан проблемалар сөз болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Павлодарлифт» АҚ-ның жұмысшылармен кездескен облыс орталығының әкімі Бәкір Демеуов, жиналған қауымға теңге девальвациясының қазақстандық экономиканы қорғау үшін қажет болғанын түсіндірді. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның жүзеге асырылу барысы, мемлекеттік органдардың кәсіпорындарда жұмыс орындарын сақтап қалу, азық-түліктердің, дәрі-дәрмектер мен коммуналдық қызметтердің бағаларын ұстап тұру жөніндегі жұмыстары туралы әңгімелеп берді. Теңге девальвациясы мен халықты әлеуметтік қорғау тақырыбы Павлодар әкімінің орынбасары Олег Круктың автобус паркі жұмысшыларымен болған кездесуіне де арқау болды. Ақпараттық-насихат топтарының павлодарлықтармен болған кездесулерінде бірнеше күннен кейін басталғалы отырған Ұлттық халық санағының мәліметтері қалалар мен ауылдардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын нақтырақ жасауға көмектеседі.
Соңғы жаңалықтар