Ақсай қаласын дамытуға 2013-2015 жылдары 3 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр

ОРАЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Ақсай қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2013-2015 жылдары республикалық бюджет есебінен 3,0 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
None
None

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, 2013 жылы 452,8 млн. теңге бөлінбек. Соның ішінде кәсіпкерлікті шағын несиелеу үшін 67,4 млн. теңге, жобаларды жүзеге асыру үшін банк несиелері пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 262,0 млн., жаңа өндірістерді дамытуға грант беруге 7,0 млн. теңге, кәсіпкерлікке оқытуға 791 мың теңге, абаттандыру жұмыстарына 115,6 млн. теңге қарастырылмақ.

Аталмыш жоспар аясында 100-120 адамға жұмыс тауып беретін, блок-модульдік конструкциялар, басқару панельдерін, пісіру жабдығын және басқа материалдар шығаратын Ақсай индустриялық паркі ашылмақ.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы Ақсайға 132,1 млн. теңге бөлінген болатын. Содан 45,8 млн. теңге қаланың санитарлық тазалығына, 86,3 млн. теңге аула аумақтарын абаттандыруға жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар