Ақсай қаласында 14 млн. теңгеге 6 бизнес жобасы мақұлданды

Бөрлі ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серікжан Егінбаевтың айтуынша, соның нәтижесінде қалада балалардың диеталық тағам орталығы, интерьерлік фотографиялық керамикалық плиталар мен фотопанно өндірісі ашылып, «Өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт-техникалық минимумға оқыту» жобасы жүзеге асырылды. Өткен жылы Ақсайда алғаш рет «Тұлпар» ат ауласы ашылды. Мұнда қазір тоғыз көшім тұқымды жылқы мен екі пони бар. Шын мәнісінде атпен серуендеу демалыс қана емес, оның емдік қасиеті де бар. Сондай-ақ, кәсіпкер Әсел Үмбетәлиева 2,5 млн. теңге несие алып, ресейлік жабдық арқылы пластикалық бөтелке шығаруды жолға қоймақшы. Ал Бюрех Закарян грант қаржысына күркетауық фабрикасында қазірдің өзінде 4 мыңнан астам құс өсіруде. Ең бастысы, сауда, жүк тасымалдау, құрылыс индустриясы дамып, жаңа өнім мен қызмет түрлері көбеюде. Бағдарлама аясында банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесін демеуқаржыландыру мақсатында аймақтық үйлестіру кеңесі жалпы құны 779 млн. теңге тұратын өткен жылы 11, биыл 19 жобаны мақұлдады. Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктерден өткен 109 млн. теңгенің тағы жеті жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралмақшы. Оған қоса шағын несие алу үшін берілген 30-дан астам өтінім де өтіп тұр. Бұл мемлекет тарапынан шағын бизнеске қолдау іс жүзінде жасалып отырғанын көрсетеді.