16:46, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Ақсай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақшы
ОРАЛ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақшы.

Аудан әкімі Марат Түсіпқалиевтің айтуынша, өткен жылы аталмыш кешеннің жобалық-сметалық құжаты жасалған болатын. Қазіргі кезде ауданда 116 спорттық ғимарат бар. Спорттың 27-ден астам түрі бойынша түрлі жарыстар өткізіліп келеді. Соның ішінде облыстық чемпионат, халықаралық турнирлер де бар.
2012 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 пайызға көбейді.