Ақсай қаласында гемодиализ орталығы ашылды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Нефрос Азия» ЖШС-ның бірлескен жұмысы нәтижесінде гемодиализ орталығы ашылды.
None
None

Мемлекет пен жеке кәсіп иесінің әріптестігі арқасында жүзеге асқан бұл нысанның бүйрек ауруына ұшыраған жандар үшін маңызы ерекше. Ең бастысы, мұнда емшара тегін жүргізіледі. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінен зардап шеккен науқастар бұл орталықта аптасына үш рет, яғни күнара ем алады.

Гемодиализды қабылдау уақыты - 4 немесе 4,5 сағат. Осы уақыт ішінде қан айналымы арқылы науқас ауру тудыратын улы заттардан тазаланып, денсаулығы жақсарады. Күндізгі стационарда ем алатын жандар үшін үш аппарат іске қосылған. Бұл 12 науқастың ем қабылдауына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ауданда осындай сырқаты бар 7 науқас гемодиализ алуда. Облыс орталығындағы гемодиализ және қарқынды терапия орталығының директоры Т.Мұратовтың айтуынша, облыс бойынша сәбиден бастап сексеннің сеңгіріне шыққан қариялар арасында 99 жан созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегеді екен. Олардың қатарында он жылдан бері осы диализ арқылы өмірін ұзартып жүргендер бар.

Мұндай орталық өткен жылы облыс орталығында ашылған болса, Ақсайдағы бұл орталық та «Нефрос Азия» ЖШС филиалы ретінде іске қосылды. Онда бөрліліктермен қатар Шыңғырлау ауданының науқастарына да көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар