Ақсай қаласында көпқабатты үй өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 шілде күні Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында болған.

«Сағат 15.01-де 5-шағынаудан 38-мекенжайда 6-қабатта 39-пәтердің балконы мен залы, жеке заттар отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 30 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 15.20-да оқшауланып, 15.54-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге 14 адам мен 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде 323 өрт тіркелсе, соның 193-і тұрғын үйде болған. Өрт салдарынан 8 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды.

Сондай-ақ 36 миллион теңгеден астам материалдық шығын келген.


Соңғы жаңалықтар