Ақсайда аудан әкімінің жүлдесі үшін ашық турнир өткізілді

ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақсай қаласында Бөрлі ауданы әкімінің жүлдесі үшін дзюдодан 1993-1995 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасында ІІІ ашық турнир өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарысқа облыстың әр аудандарынан және Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қалаларынан барлығы 13 команда қатысты. Турнирге өңірге танымал спорт ардагерлері Қамеш Исмағұлов пен Сайлау Мұқашев арнайы келіп, жас дзюдошыларға батасын берді. Ұлдар арасында Н.Нұржанов (Ақсай), Ж.Енсанов (Орал), Е.Жұмағамбетов (Сырым ауданы), Е.Жақсыбеков (Қызылорда) және басқалардың бағы жанса, қыздардан Б.Амангелді (Орал), Г.Әлмұхамбетова (Ақсай), А.Тастемірова (Орал) қарсылас шыдатпады.
Соңғы жаңалықтар